Президент Ердоған Стамбулда халыққа үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған ешбір төңкеріс әрекетінің жазасыз қалмайтынын атап көрсетті.

Президент Ердоған Стамбулда халыққа үн қатты

Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс әрекетінің 3 жылдығына орай Стамбул Ататүрік әуежайында ұйымдастырылған 15 шілде Демократия және бірлік күні митингінде халыққа үн қатты.

Ердоған «Ешбір опасыз террор ұйымы бірлік пен ынтымақтастығымызды бұза алмайды» деді.

Ердоған ешбір төңкеріс әрекетінің жауапкерлерінің жазасыз қалмайтынын атап, «Құдай қаласа, бұдан кейін де жазаланады» деді.

2016 жылы 15 шілде түні Түркияны түнекте қалдырғысы келгендердің табысқа жете алмағанына назар аударған президент Ердоған «Сол қараңғы түнге берілмегені үшін ұлтымызға ризамын» деді.

«Біз иманымызға, тарихымызға, мәдениетімізге, ұрпағымызға ие шыққан сайын осы елді ешкім қоршай алмайды» деген Ердоған «Тік тұрмыз. Осы елді ешкім қоршай алмайды, бұл ұлтты ешкім бағындыра алмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар