Мосулда бас консулдық жақында жұмысын бастайды

Бұл туралы Түркия елшісі мәлім етті.

1235671
Мосулда бас консулдық жақында жұмысын бастайды
Fatih Yildiz-Mansur el-Marid.jpg

Түркияның Ирактағы өкілетті және төтенше елшісі Фатих Йылдыз Мосул бас консулдығының қысқа уақытта жұмысын бастайтынын білдірді.

Ирактың Мосул қаласында байланыс жүргізген өкілетті елші Мосул Қалалық мәжіліс, Мосул Университеті ректораты және Мосул Сауда палатасына барды.

Өкілетті елші Мосул акиматында да әкім Мансул әл Маридпен бірге баспасөз мәслихатын өткізді.

Мосулдың Түркиямен мықты байланыстары бар екенін тілге тиек еткен елші Мосулда сауда, инвестиция, қатынас және тасымал тақырыптарында жергілікті басшылармен диалогта екендерін айтты.

Елші Йылдыз Мосулдың экономикалық жағынан даму және қайта құруға мұқтаж екенін де білдірді.

Түркияның Мосул бас консулдығының қайта ашылуы үшін Ирак орталық әкімшілігінен маусым айында рұқсат алғандарын еске салған Йылдыз: «Мосул бас консулдығы қысқа уақытта жұмысын бастайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар