Фетуллахшылардың төңкеріс әрекетінің үш жылдығы

Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс әрекетінен бері үш жыл өтті.

1235908
Фетуллахшылардың төңкеріс әрекетінің үш жылдығы
15 Temmuz_İstanbul.jpg
15 Temmuz Kahramanlık Destanı 9.jpg
15 temmuz, tank.JPG
15 temmuz.jpg
15 temmuz askeri darbe girişimi.jpg

Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс әрекетінен бері үш жыл өтті.

Демократиялық басқаруды жоюды мақсат еткен және осы мақсатты 2016 жылғы 15 шілде күні төңкеріс әрекетінде 251 адамды шейіт, 2 мың 194 адамды ардагер қылып жүзеге асырғысы келген ФЕТО-ның опасыз жоспарында оқиғалардың орталығы Анкара болатын.

Түрік Қарулы күштеріне дендеп енген Фетуллахшы террористтер мен осы ұйымға қолдау беретін 8 мыңнан астам әскерилердің төңкеріс әрекеті Түркия Республикасы тарихында қара дақ ретінде қалады.  Төңкерісшілер 35 ұшақ, 3 кеме, 37 тікұшақ, 74 танк пен 4 мыңға жуық жеңіл қару қолданды.

Бас қалада 2016 жылдың 15 шілде күні «қара түн» болды. Оқиға болған түні Президенттік аппарат бас хатшысы Фахри Касырга және Бас штаб басқарма төрағасы қызметін атқарған генерал Хулуси Акар секілді көптеген қолбасшыны төңкерісшілер тұтқынға алды.

Қала көгінде ұшқан әскери ұшақтар Түркия Ұлы Ұлттық Мәжіліс, Президенттік сарай,  Қауіпсіздік дирекциясы, Ұлттық Барлау ұйымы мен Түріксат ғимараттарын бомбалады.

Қаланың түрлі жеріндегі көптеген әскери базадағы танктер мен сауытты көліктер базадан шығарылды.

Стамбулда болса стратегиялық аймақтарды нысанаға алған бүлікшілер алдымен қаланың екі жағасын байланыстыратын Бұғазіші және Фатих Сұлтан Мехмет көпірлерін сағат 22 кезінде қатынасқа жапты.  Көпірге жиналған халыққа оқ жаудырды.

Кулелі әскери лицейінде дабыл соғылды және әскери көліктер көпірлерге қарай бағытталды.  Лицейдің алдына келген азаматтарға да күш көрсетілді.

Бір топ бүлікші Стамбул акиматы ғимаратына кірді,  басқа бір топ Ататүрік атындағы әуежайды басып алуға тырысты.

Рейс бақылау мұнарасын да қолға түсірген бүлікшілер барлық рейстерді тоқтатып тастады.  F-16  бомбалаушы ұшақтарымен жолаушы ұшақтарының ұшып-қонуына кедергі болды.

Барша халық әскери қозғалыстың мәнін түсінуге тырысқан кезде,  сол кездегі премьер-министр Бинали Йылдырым сағат 23,02 кезінде телеарналарға байланысқа шығып, төңкеріс әрекеті болуы мүмкін екенін білдірді.  «Осындай заңсыз әрекетке қосылғандар құнын өтейді» деді ол.

Төңкерісшілер отырған тікұшақтар Ұлттық барлау ұйымына оқ жаудырып,  TRT-ге барған төңкерісшілер де сағат 00,13 кезінде тікелей эфирде декларация оқытты.

Президент Режеп Тайып Ердоған сағат 00,24 кезінде CNN Türk арнасына байланысқа өтті. Көріністі телефон байланысымен Ердоған «Бұл Түрік Қарулы күштерінің ішіндегі азшылдардың төңкеріс әрекеті,  баршаға белгілі ұйым бастаған бір қозғалыс» деді.

Түрік ұлтын төңкерісшілерге тойтарыс беру үшін алаңға шығуға шақырған Ердоғанның сөздері жерде қалмады.  Анкара және Стамбул секілді Түркияның барлық жерінде демократияны қорғап қалу үшін алаңға шыққан азаматтар жандарын пида қылып,  танктерді тоқтатты,  төңкерісшілердің алдында кедергі болды.

Ертеңіне түске дейін жалғасқан оқиғаларда азаматтар батылдық көрсетті.

Төңкеріс әрекетінің сәтсіз болатынын түсінген әскерилер таңертең Бас штабтан шығып, полиция қызметкерлеріне беріле бастады.  Қысқа уақыттан кейін полицияның арнайы жасақтары да Бас штабқа кірді.

Премьер-министр Йылдырым ертеңіне сағат 12,57-де Чанкая сарайында әрекеттің тойтарылғанын ресми түрде жариялады.

Төңкеріс әрекетіне қарсы елдің түкпір-түкпірінде түрік ұлтының тойтарысы мен табанды ұстанымы «демократияның жеңісі, ұлттың ұлы дастаны» ретінде тарихта өз орнын тапты.



Ұқсас жаңалықтар