Президент Ердоған Жапония, Қытай және Босния-Герцеговинаға барады

Түркия сыртқы саясатта маңызды күн тәртібіне дайындалуда.

1224260
Президент Ердоған Жапония, Қытай және Босния-Герцеговинаға барады

Президент Ердоған жеке әлеуметтік медиа парақшасынан жасаған мәлімдемесінде «Түркияның алдында тұрған барлық ішкі және сыртқы мәселелерге ұлттық мүдделеріміз бағытында назар аударамыз» деді.

Президенттің алғашқы аялдамасы Жапонияның Осака қаласы болмақ. 28-29 маусым күндері ұйымдастырылатын Үлкен жиырмалық саммитінде Президент Ердоған «S-400» әуе және зымыран қорғаныс жүйесі тақырыбын күн тәртіпке әкеледі. Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен де оңаша кездеседі.

Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен де бас қосады. Сириядан бастап аймақтық тақырыптар ауқымды түрде қолға алынады. «S-400» жүйесі сатып алуға қарсы шыққан қарсыласымен бетпе-бет мәселені қолға алады.

Ердоған Жапония байланыстарының артынан Қытайға өтеді. Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен кездеседі.

Президент Ердоғанның кейінгі аялдамасы болса Босния-Герцеговина болмақ. Ердоған Оңтүстік Еуропа мен Балкан саммитіне қатысады.



Ұқсас жаңалықтар