Түркия АҚШ-қа наразылық көрсетті

Түркия АҚШ-тың FETÖ басшысы туралы «Мұсылман дінін уағыздаушы және саяси тұлға» деп аталған рапортына наразылық көрсетті.

1223394
Түркия АҚШ-қа наразылық көрсетті

Түркия АҚШ Сыртқы істер министрлігінің «2018 жылы Халықаралық діни еркіндіктер» рапортында FETÖ басшысы туралы «Мұсылман дінін уағыздаушы және саяси тұлға» деп аталған рапортына наразылық көрсетті.

Түркия Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой жасаған жазбаша мәлімдемеде АҚШ-тың FETÖ ұстанымын сынға алды.

Аксой аталмыш рапортқа «Мұсылман дінін уағыздаушы және саяси тұлға» деген атаудың кімдер тарапынан, қай мақсатпен жазылғанын білгендерін білдірді.

Аксой «Осы опасыз төңкеріс әрекетіне (FETÖ-нің 2016 жылы 15 шілде) қолдау беру деген мағынаға келеді. Одақтас бір елде демократияға төңкеріс әрекеті жасағандарды жазықсыз дін қызметкері ретінде атау екіжүзділік» деді.

Американдық дін қызметкері Андреу Краиг Брунсон жайлы да сөз қозғаған Аксой Бронсонның діни нанымымен емес, терроризммен байланысы себепті сотталғанын, сот шешімімен жазасын орындаған соң еліне қайтарылғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар