Пенче операциясы үздіксіз жалғасуда

Ирактың солтүстігінде жалғасқан Пенче операциясы аясында қазірге дейін 57 террорист залалсыздандырылды.

1223330
Пенче операциясы үздіксіз жалғасуда

Ұлттық қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдеме Хакурк аймағында табысты  түрде жалғасқан Пенче операциясымен бөлшектеуші террор ұйымына мүше PKK-лық 6 террористің залалсыздандырылғанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде операция басталған 27 мамырдан бері залалсыздандырылған террорист санының 57 екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде сондай-ақ операцияның басталған күннен бері бөлшектеуші террор ұйымына тиесілі барлығы 84 мина мен қолдан жасалған жарылғыштың жойылғаны, ұйымның жалпы 136 үңгір мен баспанасының жойылғаны білдірілді.

Түрік Қарулы күштерінің террор ұйымы PKK-ға бағытталған ел көлеміндегі операциялары да жалғасуда.

Битлистің Татван ауданы ауылдық аймағына жасалған операцияда 3, Тунджелидің орталыққа қарасты ауылдарында болса 2 террорист залалсыздандырылды.

Аймақта операциялар жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар