Ердоған Идлибтегі шабуылдарға үнсіз қалмайтынымызды айтты

Президент Ердоған Асад режимі Түрік бақылау түйіндеріне шабуылдарын жалғастыратын болса, бұған үнсіз қалуымыз мүмкін емес деді.

1218859
Ердоған Идлибтегі шабуылдарға үнсіз қалмайтынымызды айтты

Президент Режеп Таип Ердоған Сирияда Асад режимі Түрік бақылау түйіндеріне шабуылдарын жалғастыратын болса, бұған үнсіз қалудың мүмкін емес екенін айтты.

Ердоған Азияда Ынтымақтастық және Сенім арттыратын шаралар конференциясы (CICA) 5. кезекті ел және үкімет басшылары саммитіне қатысу мақсатымен Тәжікстанға аттанар алдында Стамбұл Ататүрік әуежайында мәлімдеме жасады. 

Президент Ердоған:

"Идлибте жаралыларымыз бар, шәйіттеріміз бар. Мұның беделін қарсы жақ ауыр өтеді. Асад күштері бақылау мұнараларымызға шабуылдарын жалғастырса, біздің үнсіз қалуымыз мүмкін емес. Біз бұл жерде бейбітшілік орнауын қалаймыз. Өлімдердің тоқтауын сұраймыз" деп көрсетті.    Идлибте бариль және фосфор бомбаларының жалғасуы кешірілмейді және бұған үнсіз қалмаймыз деген Ердоған аймақта халықтың үнін тыңдағандарын тілге тиек етті. 

Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы Түрік әскерлерінің азайтылатыны пайымдауын теріске шығарып:

"Әскерлеріміздің азайтылуы мүмкін емес. Ол жерде қаншалық әскер тұруы керек болса соншалық әскер тұрады. Бұл үшін біреулерден рұқсат алуыға мұқтаж емеспіз" деп баса дәріптеді.  



Ұқсас жаңалықтар