Сыртқы істер министрі Солтүстік Иракта

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуны Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшысы Нечирван Барзани қарсы алды.

1215757
Сыртқы істер министрі Солтүстік Иракта

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі басшылығына сайланған Нечирван Барзанимен бас қосты.

Барзанидің ант ішу рәсіміне қатысу үшін Эрбильге барған Чавушоғлу Эрбиль халықаралық әуежайында Нечирван Барзани, Түркияның Бағдаттағы өкілетті елшісі Фатих Йылдыз және басқа да лауазымдылар тарапынан қарсы алынды.

Министр Чавушоғлу әуежайда Барзанимен оңаша кездесті.

Мевлүт Чавушоғлу сапары аясында Эрбильде Ирак президенті Берхем Салих, Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі қауіпсіздік агенттігі кеңесшісі Месрур Барзани және Ирак Түрікмен майданы төрағасы Эршад Салихимен де бас қосуды жоспарлауда.



Ұқсас жаңалықтар