Грекияда түрік дипломаттардың көліктеріне шабуыл

Грекияның Салоники қаласында дипломатиялық қызмет атқарған екі түріктің көліктері азанғы уақытта өртенді.

1215747
Грекияда түрік дипломаттардың көліктеріне шабуыл

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда қаланың әртүрлі жерінде аялдаған екі көлік азанғы уақытта кім екені белгісіз адамдар тарапынан өртенді.

Түркияның Салоники Сауда атташесі Серкан Буралыға тиесілі дипломатиялық нөмірі бар көлік қала орталығындағы үйі алдында өртенді.

Қысқа уақыт өткен соң шамамен 1 шақырым қашықтықтағы бір жерде халықаралық бір мекемеде жұмыс істейтін түрік әйелге тиесілі көлік үстіне бензин төгіп, өртенді.

Өрт сөндіру топтары сөндірген көліктер түгелімен өртенді. Айналадағы көптеген көлікке де зиян келгені білдірілді.

Грекия полициясы мен өрт сөндіру мекемесі оқиғамен байланысты тергеу ашты.



Ұқсас жаңалықтар