Түрік делегациясы Конгресс мүшелерімен кездесті

Сыртқы істер министрлігі делегациясы Вашингтонда кездесулер жүргізуде.

1205740
Түрік делегациясы Конгресс мүшелерімен кездесті

Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды қолға алу мақсатымен Вашингтонда бірнеше Конгресс мүшесімен кездесті.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы тарапынан АҚШ Конгресінде ұйымдастырылған «Түрік-Америка қатынастары: Ортақ тамыр,  жаңа көзқарас» атты шараға қатысу мақсатымен Вашингтонда жүрген министр орынбасары Кыран мен қасындағы делегация кездесулер жүргізді.  Делегация Солтүстік Каролайн сенаторы Том Тиллс,  Флорида өкілі Францис Руней,  Миссисипи өкілі Трент Кэли және Теннесси өкілі Тим Бурчетпен кездесті.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда,  кездесулерде екі жақты қатынастармен бірге Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін алуы,  Сирияда сенімді аймақ қалыптастыру, терроризммен күрес қолға алынды.

Айырықша Фетуллахшы террор ұйымының басшысы Фетуллах Гүлен мен оның қайтарылуына байланысты үрдіс талқыланды.

Кездесулерін бүгін де жалғастыратын делегация Конгресс мүшелерімен бірге көптеген үкіметтік емес ұйымдар және баспасөз өкілдерімен бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар