Президент Режеп Тайып Ердоған Самсунда жастарға үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған жастарды 19 мамыр рухына алғашқы күнгі толқынмен ие шығуға шақырды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Самсунда жастарға үн қатты

Самсун Түтүн портында ұйымдастырылған 19 мамыр Ататүрікті еске алу, Жастар және спорт мерекесінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған рәсімнің ашылуында Ердоған 2019 жылы 19 мамыр күні Самсунда бастап, 2023 жылы 29 қазан күніне дейін жалғасатындай 100 жылдыққа орай бір қатар іс-шаралардың басталатынына назар аударды.

Османлы Балканнан шегінгенде тарихтағы ең үлкен қырғынның түрік ұлтына жасалғанын атап көрсеткен Ердоған түрік ұлтының соншама терең қайғыларға қарамастан дұшпанға еш ұқсамау үшін қателік жасамағанын атап көрсетті.

Қауіпсіздік және экономикада шабуыл толқынының әлі де жалғасқанын тілге тиек еткен Ердоған «Күн өткен сайын іште және сыртта елімізге бағытталған тұзақты бұзып, одан мықты бір болашақ үшін қажымас қайратымызды қайталаймыз» деді.

«Гази Мұстафа Кемал 19 мамыр күні басқыншылыққа бас игендерге, шешімді отарлануда көргендерге қалайша бағынбай Алла мен халыққа сеніп күресін жалғастырған болса біз де солай қозғалуымыз керек» деген Ердоған жастардың 19 мамыр рухын жалғастыруын талап етті.



Ұқсас жаңалықтар