Президент 19 мамыр Жастар мерекесіне орай құттықтау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған «19 мамыр Ататүрікті еске алу, Жастар және Спорт мерекесіне» орай құттықтау жариялады.

1203764
Президент 19 мамыр Жастар мерекесіне орай құттықтау жариялады

Президент құттықтауында «Жасасың еркін, тәуелсіз және күшті Түркия» сөздерімен бастаған президент 19 мамыр күнінің Түрік ұлтының қайта тірілуі екенін білдірді.

Ердоған «19 мамыр – 100 жыл бұрын Мұстафа Кемал Ататүріктің Самсунға шығып, Ұлт азаттық күресімізді бастаған күн. 19 мамыр – басқыншы күштердің топырағымыздан қопарып тастау үшін ұлттық ерік, бірлік пен ынтымақтастық рухының мықты бір нанымның ояну күні» деді.

19 мамырдың бостандыққа және тәуелсіздікке қарай басылған алғашқы қадам екеніне назар аударған президент жастарға үн қатып, «Кеше болғандай бүгін де еркіндік пен тәуелсіздігімізді нысанаға алған сатқындар мен опасыздарға қарсы осы елді сіздер қорғайтын боласыздар. Әр нәрсе жылдам өзгерген бір ғаламшарда өмір сүрудеміз. Осы жылдам өзгерістер ішінде ғылымда, өнеркәсіпте, технологияда және көркем өнерде сіздің энергия мен толқыныңызға, сіздің арман мен қиялдауыңызға осы ел мұқтаж. Баршамыздың сіздерге қажеттілігі бар. Елімізді жарқын болашаққа сіздердің пікірлері, сіздер ашқан жаңалықтар, сіздің ой-санаңыз, сіздің қажымас қайрат пен табандылығыңыз жеткізбек» деді.

Президент «Қол ұстасып, көңілдерімізді біріктіріп елімізді одан ілгері апарайық» деп бірліқ ынтымақтастық шақыруы да тастады.



Ұқсас жаңалықтар