Бүгін - 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі

19 мамыр күні - ұлы көсем Ататүріктің үлт азаттық күресті бастау үшін Самсунға келуінің 100 жылдығы...

samsun bayrak yuruyus1.jpg
samsun bayrak yuruyus.jpg

19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі ел көлемінде, шетелдегі өкілеттіктерде және Солтүстік Кипр Түрік Республикасында мемлекеттік рәсіммен тойлануда.

Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай Аныткабірге барды.

Ататүріктің құзыретінде мавзолейге гүл шоғы қойған министр кейін Аныткабір естелік кітапшасына қол қойған Касапоғлу «соңғы тынысымызға дейін отанымызды қорғаймыз және сіз тұтатқан тәуелсіздік рухын мәңгі сақтауға уәде береміз» деді. Ататүріктің 1919 жыл 19 мамыр күні Самсунға келуінің 100 жылдығына орай қалада әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Іс-шаралар аясында ұйымдастырылған «Жастар және байрақ шеруі» кезінде 1919 метр ұзындығында түрік байрағы ашылды.

Атақұм ауданындағы Чобанлы портында басталған шеруге Түркияның жан-жағынан Самсунға барған жастар мен азаматтар қатысты.



Ұқсас жаңалықтар