"Кипр түрік қоғамының құқығын ең жоғарғы деңгейде қорғаймыз"

Сыртқы істер министрі НАТО Кеңесі және НАТО Жерорта теңізі келіссөз ортақтары жиналысында үн қатты.

1196430
"Кипр түрік қоғамының құқығын ең жоғарғы деңгейде қорғаймыз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) құқықтарын ең жоғары деңгейде қорғауды жалғастыратынын білдірді.

Мевлүт Чавушоғлу кеше Чанкая резиденциясында болып өткен НАТО Кеңесі және НАТО Жерорта теңізі келіссөз ортақтары жиналысы алдында үн қатып әрі Еуропа, әрі Жерорта теңізі ортағы бір одақтас ретінде Түркияның «екі аймақтың қауіпсіздігін бірін-бірі толықтырған тұтастықтың бөлігі» қабылдағанын атап, Жерорта теңізінде дағдарыстардың Еуропаға ықпал ететініне назар аударды.

Аймақтағы мәселелердің тек қана қағаз үстіндегі ынтымақтастық және достық жолдамаларымен шешіле алмағанын атап көрсеткен Чавушоғлу ынтымақтастық рухын шынайы түрде қалыптастыру және ұстанымдар негізінде жүзеге асырылған шаралардың ақылшыл бағытта болуының маңызды екенін түсіндірді.

Террормен күресте таңдаулармен қозғалуға болмайтынын білдірген Чавушоғлу «Террористтерді өзара жақсы-жаман деп таңдамау керек» деді.

Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде бір жақты қадамдарға және аяқастынан қабылданған шешімдерге үнсіз қарамайтындарын атап көрсеткен Чавушоғлу «Шығыс Жерорта теңізінің бейбітшілігі мен тұрақтылығы, халықаралық заңдар және тарихи шындықтарды құрметтеумен мүмкін. Түркия осы түсінікпен әрі өзінің, әрі Кипр түрік қоғамының құқығы мен мүдделерін әрқашан ең жоғары деңгейде қорғайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар