Шетелдерде тұратын түріктерге стипендия жарияланды
Шетелдегі Түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы шетелдерде тұратын түрік азаматтарына төрт бөлек салада стипендия жариялады.
Шетелдегі Түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы (YTB) шетелдерде тұратын түрік азаматтарының білім алу және академиялық жұмыстарына қолдау беру мақсатымен төрт бөлек салада стипендия жариялады.
Шетелдегі Түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының жазбаша мәлімдемесіне қарағанда, басқарма шетелдерде тұратын түріктердің мәселелеріне байланысты жасалатын зерттеулердің санын және ерекшелігін арттыруға жәрдемші болу және жастардың түрік тілі мен мәдениетін жақсы тануына есе қосу мақсатымен төрт бөлек салада стипендия береді.
"Шетелдегі азаматтар лицей үздіктері жүлдесі" бағдарламасы арқылы шетелдерде лицейде табысты болған жастар марапатталады.
"Фуат Сезгин үздіктер жүлдесі" бағдарламасы арқылы пән, инженерлік, медициналық, әлеуметтік және азаматтық ғылымдар саласында университет, аспирантура және докторантура бағдарламасына тіркеулі немесе бітірген табысты үміткерлерге бір мәртелік стипендия беріледі.
"Диссертация зерттеу стипендия бағдарламасы" болса академиялық зерттеулердің саны мен сапасын арттыруды нысанаға алуда.
Бағдарламаларға өтініш беру 15 маусымда аяқталады.
"Шетелдегі түрік балаларына түрік тілін үйрету бағдарламасына" арналған стипендия да жарияланды.
Бұл бағдарламаға өтініш беру 10 маусымда аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар
Стамбул, Анталия және Измир 100 бренд қала тізімінде
Жалпы рейтингте Стамбул 51-ші, Анталия 93-ші, Измир 98-ші орында.
Фахреттин Алтун: «Түркия мықты саясат пен стратегия жүргізе бастады»
Алтун Стамбулда өткен көрме мен кітап тұсаукесеріне қатысты.