Жастар ата-бабаларының ізінен Джонкбайырына шеруге шықты

Чанаккале құрлық соғысының 104 жылдығына орай 8 мың адам шәйіттерді еске алу үшін шеру ұйымдастырды.

1189903
Жастар ата-бабаларының ізінен Джонкбайырына шеруге шықты
yuruyus.jpg
yuruyus.jpg

Чанаккале құрлық соғысының 104 жылдығын еске алу іс-шаралары аясында көпшілігі студент 8 мың адам Джонкбайырына шеру ұйымдастырды.

1915 жылы 25 сәуір күні азанда 57-ші бригада жүріп өткен бағытпен осы жолы еске алушылар жүрді. Іс-шараға Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлуда қатысты.

Тарихи түбектегі Коджадере лагері алаңынан басталған шеру жастардың Чанаккале соғысында ата бабалары бастан кешкендерді одан жақсы сезінуі мақсатты ұйымдастырылды. Жастар сол кездегі рухты толық түсінсін деп жол бойынша дауыс пен тұман оқтары атылды.

Шерудің 2-ші шақырымында Чанаккале құрлық соғысының 104 жылдығына орай 104 метрлік үлкен түрік байрағы ашылды.

Джонкбайырында аяқталған 5 шақырымдық шерудің артынан журналисттерге мәлімдеме жасаған министр Касапоғлу ата-бабалардың бір ғасыр бұрынғы көңіл күйлерін, қуанышын, тебіренісін және сана-сезімін жастардың ұғып есте сақтауы үшін осы іс-шараның ұйымдастырылғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар