Орта сынып оқушысы президенттік орнына отырды

Балалар мерекесі іс-шаралары аясында президенттік сарайда балалар президент Режеп Тайып Ердоғанның қонағы болды.

1188535
Орта сынып оқушысы президенттік орнына отырды

23 сәуір балалар мерекесі іс-шаралары аясында президенттің орнына уақытша президент ретінде Кува-йи Миллийе орта мектеп 6-шы сынып оқушысы Озан Сөзейатароғлуна тапсырды.

Президент Ердоған Ұлттық білім беру және оқу министрі Зия Селчук пен мектеп оқушыларын президенттік сарайда қабылдады.

«Болашағымыздың кепілі сіздерді 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесін құттықтаймын» деген Ердоған осы себепті әлем балаларына шын жүректен сүйіспеншіліктерін жолдағандарын білдірді.

Ердоған «Гази Мұстафа Кемал Ататүріктен бастап, мемлекетіміздің құрылуы және бүгінге дейін өсуінде еңбегін сіңірген баршаны ризашылықпен еске аламыз. Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін» деді.

Оқушыларға еңбекқорлықпен, табыстылықпен, толқыныспен Түркияны одан ілгері бір сатыға жеткізетіндерін атап көрсеткен Ердоған «Сіздердің арқасында бұл ел әлем сахнасында лайықты орнын табады. Үмітіңізді ешқашан үзбеңіз, шабытыңыздың өшуіне ешқашан рұқсат етпеңіз, қиял мен армандарыңыздың алдына бөгет қоймаңыз. Ұмытпаңыз, сіздер 2 мың жылдық тарихы жеңістерге толы бір ұлттың ұрпағысыз! 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекеңіз қайтадан құтты болсын!» деді.



Ұқсас жаңалықтар