Шанахан Түркияға келгісі келетінін айтты

АҚШ Қорғаныс министрінің орынбасары Патрик Шанахан Анкараға келгісі келетінін білдірді.

1186499
Шанахан Түркияға келгісі келетінін айтты

Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрінің орынбасары Патрик Шанахан Түркияға F-35 ұшақтарын тапсырып бергеннен кейін Анкараға келгісі келетінін білдірді.

Албания Қорғаныс министрімен кездескеннен кейін Шанахан журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

ТР Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесуіне баға берген Шанахан: «Қай жерде тұйыққа тірелдік? Қалай шығамыз?» деген сұрақтарға жауап іздегендерін айтты. «Біз ұстанымдардан гөрі мүдделерімізге шоғырландық» деді ол.

Шанахан: «Хулуси Акармен кездесуді ұнатамын. F-35 ұшақтарын тапсырғанда онымен кездескім келетінін айттым» деді.



Ұқсас жаңалықтар