Президент Ердоған батыстың баспасөзін сынға алды

Президент Ердоған Анкарада Мемур-Сен Конфедерациясы іс-шараларына қатысты.

1185940
Президент Ердоған батыстың баспасөзін сынға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған шетелде түрік экономикасына қатысты негізсіз хабарларға наразылық көрсетті.

Ердоған Анкарада Мемур-Сен (Memur-Sen) Конфедерациясы іс-шараларына қатысты.

Президент осында жасаған баяндамасында экономикаға бағытталған шабуылдарға тоқталды.

Батыс әлемінің барлық медиа құралдарымен шетелде түрік экономикасын құлдырағандай көрсетуге тырысқанын атап көрсеткен Ердоған «Не істесеңдер де, түрік экономикасы күшейеді» деді.

АҚШ-тың «Financial Times» газетінің шетел валютасы резервтерімен байланысты шындыққа жатпаған хабарларын сынға алған Ердоған «Біз террормен күрес және босқындар мәселесіндегі қос стандартқа назар аударған сайын бізді нысанаға алған хабарлардың саны артуда. Ей, Financial Times газеті 4 миллион босқынға қонақжайлық жасаған Түркияны сен танисың ба? Сенің мемлекетіңде қазір неше босқының бар? Жарайды соны да хабар қылсайшы! Бізді бірнеше маргиналь жапқан жалалар емес, зерттемей, қауесеттерді тексермей, шындықты іздемей Түркияны нысанаға алған хабарлары мазалайды» деді.

Ердоған азаматтарының бірлік пен ынтымақтастықты әртүрлі саяси мүддеден жоғары болуының Түркияның тағдыры екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар