Ердоған мен Лукашенко кездесті

Ердоған: «Болашаққа бағытталған қадамдарды қарастырдық» деді.

1184680
Ердоған мен Лукашенко кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Беларусьтің 1,5 миллиард долларлық сауда нысанасын жүзеге асыратын мүмкіндікке ие екенін айтты.

Президент Ердоған мен Беларусь президенті Александр Лукашенко Президенттік сарайда кездесу жүргізді. Кездесулерде екі ел арасындағы саяси, әскери, сауда-экономикалық, мәдени тақырыптар қолға алынды.

Ердоған: «Осылайша болашаққа бағытталған қадамдарды қарастырдық» деді.

Екі ел арасындағы сауда айналымының артып келе жатқанын тілге тиек еткен Ердоған 6 келісімге қол қойғандарын білдірді. 2016 жылы 1 миллиард долларлық сауда айналымын мақсат етіп қойғандарын еске салып Ердоған: «Осы сауда мақсатына әлі жеткен жоқпыз. Кездесулерде осы мақсат үшін жұмыстануға шешім бердік және жаңа нысанамыз – 1,5 миллиард доллар.  Түркия мен Беларусь осы мақсатқа жету әлеуетіне ие» деді.



Ұқсас жаңалықтар