Министр Албайрак Трамппен кездесті

Министр АҚШ президентімен кездесуіне оң баға берді.

1184186
Министр Албайрак Трамппен кездесті

Америка Құрама Штаттарында жүрген ТР Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Ақ Үйде Дональд Трамппен кездесті.

Берат Албайрак Вашингтондағы кездесулер барысында АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан қабылданғанын білдіріп: «Қазына министрі Стив Мнучин және бас кеңесші Кушнермен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған қадамдарды талқыладық. АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан қабылдандық. Оған президентіміздің сәлемі мен сөздерін жеткіздік» деді.

Министр Вашингтонда Түркия-АҚШ Бизнес кеңесі мен Америка-Түрік кеңесі тарапынан ұйымдастырылған Жылдық ортақ конференциядағы баяндамасынан бұрын да АҚШ президентімен кездесуіне оң баға берді.

Албайрак кездесуде Ресейден әуе қорғаныс жүйесін алу,  екі ел арасындағы сауда айналымын 75 миллиард долларға көтеру, аймақтық тақырыптарда ынтымақтастық секілді тақырыптарды қолға алғандарын айтты. «Кездесу Түркияға деген көңілді, Түркияның стратегиялық маңызын көрсетеді» деді ол.

Түркия мен Америка Құрама Штаттары қарым-қатынасын қолға алғанда осыны назарға алу керектігін баса айтқан Албайрак президент Ердоған мен Трамптың жақында кездесуі мүмкін екенін білдірді.

Берат Албайрак конференцияның қонағасында да қатысушыларға үн қатып, екі ел арасындағы қатынастардың проблемаларды шешу әлеуетіне және парасаттылыққа ие екенін білдірді. «НАТО шеңберінде Түркия мен АҚШ қауіпсіздік одақтастығының тарихи тереңдігі мен ұжымдық күші  - қарым-қатынастардың іргетасы» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар