Түркия Италияны қатаң түрде айыптады

Түркия 1915 жылғы армян қырғыны айыптауларын таныған Италия парламентін айыптады.

1181149
Түркия Италияны қатаң түрде айыптады

Түркия Италия парламентінің 1915 жылғы оқиғалармен байланысты армян қырғыны айыптауларын тану шешімін айыптады.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Италия Өкілдер Мәжілісінің 2019 жылы 10 сәуір күнгі ұсынысы армян қырғыны айыптауларының ішкі саяси мүдделері үшін бір құрал ретінде қолданылуының жаңа бір мысалы. Осы ұсынысты қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

«Ұсыныстың Түркия-Италия ынтымақтастығын бұзуды өзіне міндет қылған Маттео Салвини басшылығындағы Лега партиясы тарапынан дайындалуы таңқалдыратын жағдай емес» делінген мәлімдемеде «Таңқалдырған және өкінішті болған аталмыш Мәжілістің Лега партиясының Еуроодақ парламентінің сайлаудағы тұғырын күшейту мақсатымен сахнаға қойылған осы ойынға берілуі. Армян қырғыны айыптаулары үздіксіз не сайлау алдында немесе Түркияға дұшпандық аясында күн тәртіпке келтірілуі осы қауесеттердің саяси ерекшелігін және тарихи шындықтармен ұйқаспағанын ашық түрде ортаға қояды. Осы талпыныстар ешкімге пайда әкелмейді және келешекке бағытталған ізгіниетті бастамалардың алдын алады» деп ескерту жасалды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса жеке твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Тарихты саяси талпынысқа айналдырған барлық бастамалар сияқты Италиян Мәжілісінің осы шешімін қабылдамаймыз. Италиян Мәжілісінің шетел дұшпаны Лега партиясының Еуроодақ парламенті сайлауындағы дауыстарын арттыру мақсатты ортаға қойылған ойынға берілуі қабылданбайды» делінді.

 



Ұқсас жаңалықтар