Чавушоғлұ Беньямин Нетаньяхуға наразылық көрсетті

Чавушоғлұ «Батыс Шерия Палестина территориясы болып табылады» деді.

1178674
Чавушоғлұ Беньямин Нетаньяхуға наразылық көрсетті

Чавушоғлұ «Батыс Шерия Палестина территориясы болып табылады» деді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ «Халықаралық құқыққа қайшы Израиль тарапынан жаулап алынған  Батыс Шерия Палестина территориясы болып табылады» деді.

Мәвлүт Чавушоғлұ «Батыс Шерия» жөніндегі мәлімдемесіне орай Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға наразылық көрсетті.

Твиттер арқылы мәлімдеме жасаған министр Чавушоғлұ «Батыс Шерия Халықаралық құқыққа қайшы Израиль тарапынан жаулап алынған Палестина территориясы болып табылады. Нетаньяхудың сайлау қарсаңында дауысты ойлап жауапкерсіз түрде жасаған мәлімдемелері осы шындықты өзгерте алмайды» деген сөздер қолданды.

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик те Нетаньяхуды «Израиль премьер-министрі тағыда тілінен ие болмай шабуыл жасады» деген сөздермен сынға тартты.

Халықаралық құқық бойынша жаулау астындағы территорияларда барлық еврей елді мекендері заңсыз.



Ұқсас жаңалықтар