Чавушоғлұ Майамиде мұсылман өкілдерімен кездесті

Чавушоғлұ Майамиде түрік және мұсылман азаматтық ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

1178085
Чавушоғлұ Майамиде мұсылман өкілдерімен кездесті

Чавушоғлұ Майамиде түрік және мұсылман азаматтық ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Америка Құрама Штаттарының Майами қаласына сапарлай барды. Чавушоғлұ бұл жерде түрік және мұсылман азаматтық ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Бұл туралы хабарды Чавушоғлұ Твиттер арқылы мәлімдеді.

Чавушоғлұ «Америкалық мұсылман азаматтық ұйымдарының өкілдерімен кездестім. Кездесуде барлық мұсылмандардың душар болған қиыншылықтарын тыңдадым. Америкалық мұсылмандардың істегендері барша әлемге шабыт беруде. Исламофобиямен күресудегі рөлдерінің өте маңызды екенін байқадым» деген сөздер қолданды.

Еске сала кетейік, Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ НАТО-ның 70 жылдығына орай 3-4 сәуірде Вашингтонда ұйымдастырылған НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысқан еді.

.



Ұқсас жаңалықтар