Нью-Йоркта Түрік үйі бой көтереді

"Түрік үйі Манхэттен көрінісіне сұлулық қосады"

1176215
Нью-Йоркта Түрік үйі бой көтереді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында құрылысы жалғасып жатқан Түрік үйінің Манхэттен көрінісіне қосымша сұлулық қосатынын айтты.

Чавушоғлу Нью-Йоркта БҰҰ ғимараты қарсы алдында құрылысы жүріп жатқан Түрік үйінің құрылысында ғимараттың соңғы қабаты 35-ші қабатқа бетон шығару рәсіміне қатысты.

Құрылыс жөнінде лауазым иелерінен мәлімет алған министр ғимараттың бесінші қабатында сөз сөйледі.  Министр Чавушоғлуны Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Феридун Синирлиоғлу,  Түркияның Нью-Йорктағы бас консулы Алпер Акташ,  БҰҰ Тұрақты өкілді және бас консулдық қызметкерлері,  фирма өкілдері және баспасөз қызметкерлері тыңдады.

Чавушоғлу Түрік үйі ғимаратының Сыртқы істер министрлігі тарихы бойы шетелде салынған ең ірі құрылыс екенін айтты. «Нью-Йорк Түрік үйі халықаралық саясат пішінденетін және жаһандық бағыттар тоғысатын қалаға сұлулық қосады» деді ол.

Министр: «Түрік үйі дәстүрлі түрік сәулетінен шабыт алған келбетімен Манхэттен көрінісіне сұлулық қосады және Нью-Йоркта көруге татитын ғимараттар арасына енеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар