Бір баланың денесін тапты

Түрік сүңгуірлері Тигр өзенінде бір баланың денесін тапты.

1175322
Бір баланың денесін тапты

Түрік сүңгуірлерінен тұратын бір топ Ирактың Мосул қаласында 21 наурыз күні болған апатта жоғалып кеткендерді іздеу аясында жұмыс істеуде.

Түрік сүңгуірлері Тигр өзенінде бір баланың денесін тапты.

Ирак Ішкі істер министрлігіне қарасты құтқару топтарымен бірге жұмыстанған түрік Теңіз күштері қолбасшылығына қарасты 20 адамдық сүңгуір тобы Мосулдан шамамен 30 км қашықтықта 15 жасар түрікмен баланың денесін тапты.

Түрік сүңгуір тобының Тигр өзеніндегі іздеу жұмыстары жалғасуда.

Мосул қаласында бір паром суға кетіп,  шамамен 100 адам қаза тапқан болатын.  Апатта 60 адам өз күшімен аман қалды. Шамамен 100 адам жоғалып кетті.



Ұқсас жаңалықтар