Трамптың қаулыға қол қоюы заңсыз

Голан төбелері-- Израиль территориясы емес, Сирия территориясы.

1170475
Трамптың қаулыға қол қоюы заңсыз

Голан төбелері-- Израиль территориясы емес, Сирия территориясы.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамптың Сирияға тиесілі Голан төбелерін Израиль территориясы деп қабылдаған қаулыға қол қоюына наразылық көрсетті.

Твиттер арқылы мәлімдеме жасаған Чавушоғлұ «АҚШ тағы бір рет халықаралық құқыққа қайшы әрекет жасады. Бұл әрекет Орташығыстағы бейбітшілік талпыныстарға кедергі жасап, аймақтағы дағдарысты тіпті ушықтырады» деген ескерту жасады.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын болса Америка Құрама Штаттарының Голан төбелері шешімінің бейбітшілікті жойғанын білдірді.

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик те «Трамптың қол қоюы заңсыз» деді. Челик наразылықтарын «Голан төбелері-- Израиль территориясы емес, Сирия территориясы» деген сөздермен көрсетті.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар