ИЫҰ мешіт шабуылдары тақырыбымен Стамбулда бас қосады

ИЫҰ мүше елдері Жаңа Зеландияда екі мешітке жасалған террор шабуылы күн тәртібімен Стамбулда бас қосады.

1167257
ИЫҰ мешіт шабуылдары тақырыбымен Стамбулда бас қосады

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) мүшесі елдер Жаңа Зеландияда екі мешітке жасалған террор шабуылы күн тәртібімен Стамбулда бас қосады.

Түркия мұның алдында Стамбулда 22 наурыз күні өткізілуі жоспарланған ИЫҰ Атқару комитеті жиналысына барлық мүше елдерге қоса Жаңа Зеландияны да шақырды.

Ашық қатысу форматында жарияланған жиналысқа қазірге дейін ИЫҰ-на мүше 20 ел министр деңгейінде қатысатынын білдірді.

Жиналысқа ИЫҰ мүшелерінен Иран, Ливия, Индонезия, Пәкістан, Ауғанстан, Судан, Катар және Сомали сыртқы істер министрлері деңгейінде қатысады. Сондай-ақ көптеген ел басқа да министрлері және арнайы өкіл немесе өкілетті елшілерімен қатыспақ.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Саммит кезекті төрағасы ретінде Стамбулдағы саммиттің қатысушыларына үн қатуы жоспарланады.

Вице-президент Фуат Октай және Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Крайстчерч қаласында екі мешітке жасалған және 50 мұсылман ажал құшқан шабуылдың артынан Жаңа Зеландияға ұйымдастырған ресми сапарлары осы елде ИЫҰ жиналысына шақырылды.

Жаңа Зеландия вице-премьері және Сыртқы істер министрі Винстон Петерс болса Этникалық қоғамдар министрі Женни Салесамен Стамбулдағы ИЫҰ жиналысына қатысатындарын жариялады.

Петерс «Осы маңызды іс-шара Жаңа Зеландияның террорға қарсы шығуда және түсіністік пен діни мейірімділік сияқты құндылықтарды қарқынды түрде тілге тиек етуде одақтастарына қосылуына мүмкіншілік береді» деді.



Ұқсас жаңалықтар