Ердоған "Washington Post"  газеті үшін мақала жазды

Жаңа Зеландиядағы террористтің манифестінде  Түркияға және өзіне бірнеше мәрте орын беруінің мағыналы екенін айтты.

Ердоған "Washington Post"  газеті үшін мақала жазды

Президент Режеп Тайып Ердоған Жаңа Зеландияда 50 мұсылманды өлтірген террористтің манифестінде  Түркияға және өзіне бірнеше мәрте орын беруінің мағыналы екенін айтты.

Ердоған Америка Құрама Штаттарында жарияланатын «Washington Post”  газеті үшін «Жаңа Зеландия террористті және ДАИШ-тің негізі бірдей» деген мақала жазды.

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы лаңкестікте 50 жазықсыз адамның шейіт болғанын білдірген Ердоған жұма намазы үшін мешітке жиналған ондаған мұсылманның жарақат алғанын еске салды. Қарулардың үстінде және террористтің интернеттен жариялаған манифестінде көптеген тарихи оқиғаға орын берілгеніне назар аударған Ердоған: «Террористтің Түркияға және маған бірнеше мәрте орын беруі әрі мағыналы,  әрі ойлантатын жағдай» деді.

Ердоған қырғын жауаптысының әлем тарихы мен христиандық нанымын бұрмалап,  теріс көзқарастарын заңды қылып көрсетуге тырысқанын атап айтты. «Адамдардың арасына жек көрушіліктің тұқымын салуға тырысты. Бұдан бұрын бірнеше мәрте терроризмнің діні,  тілі немесе нәсілі болмайтынын айтқан бір лидер ретінде лаңкестікті христиан нанымымен, ахлағымен және принциптерімен байланыстыруға тырысқан барлық ынталарға қарсы шығамын.  Жаңа Зеландияда болғандарды надандық пен жек көрушіліктің уы деп атауға болады» деді ол.

Ердоған мақаласын былай жалғастырды: «Ұлтымыз тарихтың терористтер тарапынан бұрмалануымен бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Тарихты радикал идеологияның перспективасынан пайымдаған және көпшілігі мұсылман мыңдаған адамның өлтірілуіне жауапты ДАИШ террорлық ұйымы соңғы жылдары «Стамбулдың қайтадан жеңіп алынуы» үшін шақыру тастапты.  Бұл шақыру Крайстчерч шабуылдаушысының манифестінде орын алған «қаланы қайтадан христиан қылу» сөзіне ұқсайды.  ДАИШ сол секілді Түркия Республикасын жоюға ант ішті. Түрік әскерлерінің Сирияда террорлық ұйымға осыншама ауыр соққы беруінің себептерінің бірі де осы. Сондықтан Жаңа Зеландияда жазықсыз адамдарды өлтірген жендет пен Түркия, Франция, Индонезия және басқа да жерлерде террорлық лаңкестік ұйымдастырғандар арасында ешбір айырмашылық жоқ»

«Батыстық лидерлердің Жаңа Зеландия премьер-министр Джасинда Ардерннің батылдығы,  лидерлігі және шынайылығынан сабақ алып,  өз елдерінде өмір сүретін мұсылмандарға құшақ жаюы керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар