Вице-президент Октай мен министр Чавушоғлу Жаңа Зеландияда

Вице-президент Фуат Октай діні, тілі, нәсілі және жағрапиясы болмаған террорға қарсы баршаны бірге қозғалуға шақырды.

1165626
Вице-президент Октай мен министр Чавушоғлу Жаңа Зеландияда

Фуат Октай Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен бірге барған Жаңа Зеландияда террор шабуылы жасалған Әл-Нұр мешітіне барды.

Террор шабуылы жасалған мешіт алдына қалампыр қойған Октай мен Чавушоғлу осында шәйіт болғандар үшін дұға етті.

Әл-Нұр мешітін аралаған соң журналисттерге мәлімдеме жасаған Октай «Террордың діні, тілі, нәсілі және жағрапиясы жоқ. Осы террористті «террорист» деуге тілі бармайтындарға әсіресе ескерткім келеді. Осы қару мұсылман біреудің қолында болғанда, әлемде үлкен жаңғырық туғызар еді» деді.

Фуат Октай «Бүкіл әлемге тағы бір рет үн қатқымыз келеді. Террор әр жерде және әр қоғамға бәле болатын нәрсе. Сондықтан осы бәлемен ортақ күрес, тағы ортақ ұстаныммен мүмкін» деді.

Артып отырған Ислам дұшпандығына назар аударған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса барлық тақырыптарды талқылау мақсатты Стамбулда Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері жиналысы өткізілетінін атап көрсетті.

Чавушоғлу «Жұма күні ИЫҰ Сыртқы істер министрлері жиналысын өткіземіз. Қабылдаған шешімдерді қадағалайтын бір комиссия құрамыз. Сыртқы істер министрлерінен тұратын бұл комиссияны БҰҰ-на қоса барлық платформаларға апарамыз. Осы мәселені қадағалаймыз» деді.

Түрік делегациясы ауруханада араларында 3 түрік азаматы да бар жаралылармен кездесіп шипа тіледі.



Ұқсас жаңалықтар