Президент Ердоған 18 наурыз Чанаккале жеңісінне орай жолдама жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік халқының болашағы және еркіндігінен бас тартпайтынын атап көрсетті.

Президент Ердоған 18 наурыз Чанаккале жеңісінне орай жолдама жариялады

Ердоған Чанаккале жеңісінің 104 жылдығы мен 18 наурыз шәйіттерді еске алу күні себепті бір жолдама жасады.

Ердоған жолдамасында «Чанаккале шәйіттерінің немерелері ретінде болашағымыз бен еркіндігімізден ешбір уақытта бас тартпаймыз» деді.

Ердоған жолдамасында «Отанымызға бағытталған опасыз ойындарға, ұлтымызға бағытталған жоспарларға табандылықпен қарсы шығамыз, әйелі еркегімен, жасы қариясымен тұтас жарқын болашағымыз үшін қажымас қайратпен жұмыстанамыз» деді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар болса жариялаған жолдамасында Чанаккале рухына назар аударды.

Акар осы рухты түсіну және болашақ ұрпақтарға жеткізудің баршаның міндеті екенін атап көрсетті.

Акар жолдамасында «Түрік қарулы күштері отан топырағының тұтастығын, ұлтымыздың қауіпсіздігін нысанаға алған FETÖ, PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ сияқты террор ұйымдарынан бастап әртүрлі қауіптерге қарсы қорғайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар