Ердоған Чанаккале шәйіттерін еске алу бағдарламасына қатысты

Президент Ердоған Жаңа Зеландияда екі мешітке шабуылдап, 50 адамды қырған террористтің «манифест» деп атаған мәтініне наразылық көрсетті.

1165694
Ердоған Чанаккале шәйіттерін еске алу бағдарламасына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Жаңа Зеландияда екі мешітке террор шабуылы жасап, 50 адамды қырған террорист жариялаған «манифест» деп атаған мәтінге наразылық көрсетіп, «Стамбулды Константинопольге айналдыра алмайсыз» деді.

Ердоған Чанаккале жеңісінің 104 жылдығы және шәйіттерді еске алу күніне орай ұйымдастырылған рәсімдерге қатысты.

Баяндамасында Чанаккале соғыстары кезінде шәйіт болғандарды еске алған Ердоған «Осы жерде шәйіттері бар, бір кездері бірдей шекараларды бөліскен Балкандағы, Солтүстік Африкадағы, Таяу Шығыстағы, Кавказдағы бүкіл бауырларыма тағзым етемін. Олардың аманаттарын көзіміздің нұры сияқты қарап, қорғаймыз» деді.

Бүкіл шәйіттерге Алланың рақымшылығын тілеген Ердоған кейбір күштердің Түркияның сабыры мен табандылығын өткен бір ғасырлық мерзімге қарамастан әлі сынағандарына назар аударды.

Ердоған «Сирия шекараларымызда тәртіпті бұзып, осында бір террор коридоры құруға әрекет жасап сынайды. Ирак шекарамызда ұқсас әдістермен мазасыздықты асқындыруда. Кипрда Шығыс Жерорта теңізінде құқымызды таптау арқылы сынайды. Эгей теңізінде өзіміздің құрлығына қамап теңізге аяқ баспайтындай қылып бізді сынауға әрекет жасайды. Еуропада әсіресе Германияда, Францияда мешіттерімізге, қоғамдарымызға жыл сайын жүздеген шабуылдар жасап сынайды. Елдіміздің көшелерінде қан төгіп, төңкеріс әрекеттерімен одақтар құрып сынайды. Экономикамызға шабуылдап, ұлтымыздың нанына, несібесін нысанаға алып сынайды. Тіпті елімізден 16 мың 500 шақырым қашықтықта Жаңа Зеландияда да жасаған шабуылдарымен бізді сынайды» деді.

Жаңа Зеландияға назар аударған Ердоған «Чанаккаледен 104 жыл өткен соң тағы бір рет үн қатамыз – Біз сіздің мақсатыңызды түсіндік. Сезімдеріңізді де, жасағыңыз келетін нәрсені де байқадық. Өшіңіздің, жауыздығыңыздың куәсі болдық. Бір террористтің 50 мұсылманды өлтіруінің мағынасын да түсіндік. Өмір сүрген отан топырағындағы тынысымызды бізге көп көргеніңізді де байқадық. 'Анадолы жерінен Еуропа жеріне өтпейсіңдер' қорқытуын манифестінде жазған қандай террорист екенін ұқтық. Осы жеке адамның ісі емес, ұйымдастырылған бір әрекет» деді.



Ұқсас жаңалықтар