Чанаккале теңіз жеңісінің 104 жылдығы тойлануда

Шейіттерді еске алу және Чанаккале жеңісіне байланысты Чанаккале қаласында рәсімдер өткізілді.

Чанаккале теңіз жеңісінің 104 жылдығы тойлануда

Шейіттерді еске алу және Чанаккале теңіз жеңісінің 104 жылдығы тойлануда.

Шейіттерді еске алу және Чанаккале жеңісіне байланысты Чанаккале қаласында рәсімдер өткізілді.

Республика алаңындағы рәсімде Президенттік аппарат атынан Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Түрік Қарулы күштер атынан Чанаккале бұғаз және горнизон қолбасшысы адмирал Левент Керим Уча мен Чанаккале әкімі Орхан Тавлы, муниципалитет төрағасы Үлгүл Гөкхан Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Осы кезде «Бургазада» кемесінен 21 дүркін оқ атылды.

Ресім үнсіз еске алу және Ұлттық ән ұранның шырқалуымен жалғасын тапты.

Артынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі тарапынан 1994 жылы 253 шейітке арналған заң арқылы Чанаккалеге берілген Алтын медаль Түрік байрағына тағылып, байрақ желбіретілді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Акар сол кезде соғысқа қатысқан Австралия және Жаңа Зеландиядан келген қонақтармен сұхбаттасты.

Президент Режеп Тайып Ердоған 18 наурыз стадионындағы мерәсімге қатысады.



Ұқсас жаңалықтар