Акар маңызды мәлімдеме жасады

Акар АҚШ F-35 соғыс ұшақтарын Түркияға қараша айында тапсырып беруін күткендерін айтты.

1163546
Акар маңызды мәлімдеме жасады

Акар маңызды мәлімдеме жасады.

Акар АҚШ F-35 соғыс ұшақтарын Түркияға қараша айында тапсырып беруін күткендерін айтты.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Америка Құрама Штаттарының F-35 соғыс ұшақтарын Түркияға қараша айында тапсырып беруін күткендерін айтты.

Хулуси Акар кеше Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер, Қарулы күштері қолбасшылары және Анкара зейнеткер офицерлер қоғамы өкілдерімен Анкарада түскі аста бас қосты.

Акар бұл жердегі сөзінде Түркияның Ресейден алатын S-400 әуе қорғаныс жүйелерін сылтау ете отырып, АҚШ лауазым иелерінің F-35 соғыс ұшақтарының тапсырып берілуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Түркияның қажетті болған жағдайда НАТО мүшесі кейбір елдерден әуе қорғаныс жүйелерін алуда қиыншылықтарға душар болғанын, сондай-ақ Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйелерін алу арқылы осы қиыншылықтарды шешкенін еске салған Акар АҚШ F-35 соғыс ұшақтарының тапсырып беру процесінің енді ғана  қалыпқа түскенін баяндады.



Ұқсас жаңалықтар