Ердоған әйелдер күнімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған 8 наурыз Әйелдердің халықаралық күніне байланысты құттықтау жариялады.

1158919
Ердоған әйелдер күнімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған 8 наурыз Әйелдердің халықаралық күніне байланысты құттықтау жариялады.

Әйелдерге қарсы күш қолдану және қысымның әлемдегі басты проблемалардың бірі екеніне назар аударған Ердоған: «Әйелдерге қиянат жасалуына әрқашан қарсымыз,  орынды күрестерінде олардың жанында боламыз» деді.

Президент Ердоған әйелдердің мәртебесінің барлық салада құқық және әділет шеңберінде түсіністікпен биіктеуіне жұмыстанғандарын еске салды. Ол 2023 жылғы мақсаттарға жету жолында да әйелдердің беделін барлық салада көтеруге табанды екендерін айтты.

«Әділетсіздіктер, құқық бұзушылықтар, жікшілдіктер алдында әйелдің жанында орын табу – барша адам баласының міндеті» деді ол.

Президент: «Еңбектері,  сүйіспеншілікке толы жүректері және пидақорлықтарымен әлемімізді түрлендірген, адамзаттың үмітін алаулатқан әйелдерімізді Халықаралық күнімен құттықтаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар