Акар «Көгілдір Отан» атты әскери жаттығуын тексерді

Акар әскери жаттығудың табысты түрде жалғасқанын баяндады және үлес қосқан баршаны құттықтады.

1157150
Акар «Көгілдір Отан» атты әскери жаттығуын тексерді

Акар «Көгілдір Отан» атты әскери жаттығуын тексерді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Эгей теңізі, Шығыс Жерорта теңізі және Қаратеңізде Түркияның құқықтары және мүдделерін қорғау үшін жалғасты жұмыстар істегендерін айтты.

Хулуси Акар, Бас Штаб басқармасы төрағасы Яшар Гүлер және әскери күштері қолбасшыларымен бірге «Көгілдір Отан» атты әскери жаттығуын Әуе күштері қолбасшылығының Ерте барлау және қадағалау ұшағы   «HİK»-тен  бақылады.

Хулуси Акар «Көгілдір Отан» атты әскери жаттығуына қатысқан қарулы күштерден брифинг алған соң  қатысушыларға табыс тіледі.  

«Батыс» атты ұшағының Шығыс Жерорта теңізде әскери жаттығу аясында міндет атқарған ұшуларына қатысқан Акар мен қолбасшылар жұмыстар жөнінде мағлұмат алды.

Бұл жерде де кейбір бұйрықтар берген Акар одан кейін сымсыз телефон арқылы «Көгілдір Отан» атты әскери жаттығуында орын алған әскерлерге үн қатты. Жаттығудың табысты түрде жалғасқанын баяндаған Акар үлес қосқан баршаны құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар