Түркия Ходжалы қырғынын қатал айыптады

Сыртқы істер министрлігі Ходжалы қырғынының 27-ші жылдығына орай жазбаша мәлімдеме жасады.

1152776
Түркия Ходжалы қырғынын қатал айыптады

Түркия Ходжалы қырғынын қатал айыптады.

Түркия 27-ші жылдығында Ходжалы қырғынын және Арменияның Әзірбайжан территорияларында жалғасқан басқыншылығын қатал айыптады.

Сыртқы істер министрлігі Ходжалы қырғынының 27-ші жылдығына орай жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Осы қырғынды және Арменияның Әзірбайжан территориясында жалғасқан басқыншылығын қатал айыптаймыз. Әзірбайжандық бауырларымыз 27 жыл бұрын Ходжалыда ұшыраған шабуыл мен қырғынды жүрегімізбен сезінеміз, бұл қайғыны олармен бөлісеміз» деген сөздер қолданылды.

 Мәлімдемеде Әзірбайжанның Таулы Қарабах аймағындағы Ходжалы қаласына 1992 жылы 26 ақпан күні Армения Республикасы жасақтары тарапынан ұйымдастырылған шабуылда жүздеген Әзірбайжан азаматтарының өлтірілгені және көптеген адамның жарақат алғаны еске салынды.

Мәлімдемеде «Осы трагедияда қаза тапқандардың жатқан жері жаннат, топырағы торқа болсын. Барлық Әзірбайжандық бауырларымызға көңіл айтамыз» делінді.

Армян күштерінің 1991 жылының аяғына қарай қысым астындағы Ходжалы 936 шаршы километрлік алаңға ие,  2 мың  605 отбасы және жиыны 7 адам өмір сүрген бір қалашық еді. Бірақ 1991 жылы Қарабахтың астанасы ретінде қабылданған Ханкенді қаласын жаулап алған армяндардың бұдан кейінгі нысанасы Ходжалы болды.

Ходжалы маңындағы барлық ауыл мен жолдарды басып алған армяндар қалашықтың басқа провинцияларымен  жол қатынастарын кесті. Ходжалының басқа аймақтармен жалғыз ғана байланысы болған тікұшақ қатынасы 1992 жылы 28 қаңтар күні армян тарапынан атқылауы кесірінен күйреді. Бұл оқиғада 44 адам қаза тапты.

1992 жылы 26 ақпан күні Әзірбайжанның Ходжалы қаласына кірген қарулы армян топтар 613 Әзірбайжан азаматын өлтірді.  Бұл оқиға тарихқа «Ходжалы қырғыны» деп жазылған.

Ресми санақтарға қарағанда Ходжалы қырғынында қорғаныссыз 106 әйел, 70 қария, 63 бала болып, жиыны  613 Әзірбайжан азаматы қаза тапты. 



Ұқсас жаңалықтар