Калын Мысырдағы өлім жазасына наразылық көрсетті

Мысырда өлім жазасына кесілген 9 адам атылды.

1151517
Калын Мысырдағы өлім жазасына наразылық көрсетті

Президенттік аппарат мәлімдемешісі Ибрахим Калын Мысырда 9 жастың өлім жазасының атқарылуына наразылық көрсетті.

Президенттік аппарат мәлімдемешісі Ибрахим Калын әлеуметтік желі Твиттерден мәлімдеме жариялады.

Мысырда 9 жастың өлім жазасының атқарылуы кезіндегі суреттерін жариялаған Ибрахим Калын мәлімдемесінде:

"Батыстағы және Шығанақтағы елдер аяғының астына қызыл кілем төсеген Сиси әкімшілігі атып өлтірген 9 қыршын жас. Осылардың барлығы аталмыш қылмыстың ортақтары болып табылады" деп жазды. 

Мысырда 2015 жылы Бас прокурор Хишам Берекет қастандықпен өлтірілген оқиға себепті сотталған және өлім жазасына кесілген төңкеріске қарсы 9 адам сәрсенбі күні атылған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар