Ұлттық Қорғаныс министрі Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясына қатысты

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Халықаралық Мюнхен қауіпсіздік конференциясының екінші күні жалғасқан отырыстарға қатысты.

1146766
Ұлттық Қорғаныс министрі Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясына қатысты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияда Евфраттың шығысында құрылатын қауіпсіз аймақта бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның болмау керектігін атап көрсетті.

Акар АҚШ Қорғаныс министрінің өкілі Патрик Шанахан АҚШ-тың Сирия арнайы өкілі Джамс Джеффри және АҚШ-тық кейбір сенаторлармен бөлек кездесті.

Акар осы кездесулері барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтардың алдындағы ең үлкен кедергілердің бірінің PKK/YPG террор ұйымы екенін атап көрсетті.

Террор ұйымы PKK/YPG-нің күрдтерге өкілдік жасамағанын атап көрсеткен Акар «Күрдлер біздің бауырларымыз. Біздің жалғыз нысанамыз террористтер. Кейбіреулер PKK-ны күрдтер деп атайды. Осы қателік. PKK-лық террористтер күрд бауырларымызға өкілдік жасай алмайды. Ұмытпау керек PKK мен YPG бірдей ұйым. Осы себепті YPG террор ұйымының аймақтан шығарылуы шекараларымыз бен халқымыздың қауіпсіздігі тұрғысынан аса маңызды тақырып. Евфраттың шығысындағы 440 шақырымдық шекара желісінде құрылатын қауіпсіз бір аймақта YPG террор ұйымы болмауға тиісті және аймақтың қауіпсіздігін Түркия қамтамасыз ету керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар