Киркукте виза орталығы ашылды

Түрікмендер көп тұратын Ирактың Киркук қаласында Түркия визасын беретін орталық ашылды.

1145931
Киркукте виза орталығы ашылды

Түрікмендер көп тұратын Ирактың Киркук қаласында Түркия визасын беретін орталық ашылды.

Беташарға Киркук әкімі Ракан Саид, Ирак Түрікмен майданы басшылары мен көптеген жергілікті қызметкер қатысты.  

Киркук әкімі Саид осында баспасөзге берген мәлімдемесінде: «Киркукқа қызмет ететін осындай орталықтың ашылуы бізді қуантты» деді.

Саид Ирак және әсіресе Киркук пен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың ауқымды және жақсы жалғасуының маңызын атап көрсетті.  Ол осы орталықтың қызметке ашылуымен Киркук халқы мен іскерлердің Түркияға жеңіл барып келетінін айтты.

Киркук әкімі сондай-ақ Ирактағы қиын күндерде Түркияның жақсы көрші екенін дәлелдеп шыққанын білдірді.  «Тарих бойы Ирактағы барлық халықтарға бірдей қашықтықта болған Түркия ең қиын күндерінде де Ирактың жанында болды» деді ол.

Саид Түркияның 2003 жылдан бері қарулы шабуылдарда жарақат алған Ирак азаматтарының емделуіне және көш проблемаларына көмектескенін еш ұмытпайтындарын білдірді.  Ол Түркияның Киркукте бір консулдық ашуын тілейтіндерін атап көрсетті.

Жаңа ашылған виза орталығының басшысы Пеями Йылмаз болса «Иракқа қатты көңіл бөлеміз» деді. Ол түрік және шетелдік компанияларды осы аймаққа инвестиция салуға шақырды.

Ирак азаматтары Түркияға визаларын қазір бас қала Бағдат, Эрбиль, Сүлеймание және Духок орталықтарынан алады.



Ұқсас жаңалықтар