Түркия 200 мың шетелдік студентке есігін ашады

Түркия жаһандық білім берудің орталығы болады.

1145052
Түркия 200 мың шетелдік студентке есігін ашады

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының басшысы Абдуллах Ерен Түркияның 2020 жылға дейін 200 мың шетелдік студентке есік ашып, жоғары білімнің жаһандық орталығы болуды жоспарлағанын айтты.

Ерен БҰҰ Штаб-пәтеріндегі жиынға қатысып,  Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының жұмыстарын таныстырып, шетелдік студенттерге Түркияда берілген оқу мүмкіндіктерін баяндады.

Ерен басқарманың 2010 жылы құрылғанын және басты мақсаттарының бірінің шетелдерде өмір сүретін түріктермен байланысты нығайту,  оларға демеу бері екенін баяндады. Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы мәдени және әлеуметтік шараларды арттыру арқылы ортақ тарих және мәдени мұраны насихаттауды мақсат етеді.

Басқарма басшысы Ерен Түркияда білім алған шетелдік студенттер жөнінде де мәлімет беріп, шетелдік талапкерлерге білім беру мүмкіндігін беретін «Түркия стипендиялары» бағдарламасына тоқталды.

Түркияда қазір 150 мыңнан астам шетелдік студент бар екенін айтқан Ерен осы көрсеткіштің соңғы он жылда жеті есе артқанын білдірді. Түркиядағы шетелдік студенттердің 17 мыңына Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы (YTB) стипендия беріп отыр.

«Түркия 2020 жылға дейін 200 мың шетелдік студентке есігін ашып,  жаһандық білім орталығына айналуды жоспарлайды» деді Ерен.



Ұқсас жаңалықтар