Өмер Челик Кашыкчы туралы мәлімдеме жасады

Өмер Челик Джемал Кашыкчы қастандығында Сауд Арабиясының жеткілікті ынтымақтастық жасамағанын айтты.

1143500
Өмер Челик Кашыкчы туралы мәлімдеме жасады

Өмер Челик Кашыкчы туралы мәлімдеме жасады.

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик Джемал Кашыкчы қастандығында Сауд Арабиясының жеткілікті ынтымақтастық жасамағанын айтты.

Өмер Челик партиясының орталығында кеше өткізілген Орталық басқару алқасы жиналысында Джемал Кашыкчы қастандығы туралы мәлімдеме жасады.

Челик 2018 жылы 2 қазанда Сауд Арабиясының Стамбул Бас консулдығында аяусыз өлтірілген сауд текті журналист Джемал Кашыкчы қастандығына тоқталып, Түркияның осы тақырыпта процесті мұқиятты түрде қадағалап отырғанын және Сауд Арабиясы лауазым иелерінен ынтымақтастық жасау жөнінде әлі бір жауап келмегенін білдірді. 

Мәлімдемеде Венесуэладағы дағдарысқа да тоқталған Челик «Біз Венесуэла халқының қасындамыз. Венесуэла атазаңына құрмет көрсетудеміз» деді.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың Сирияда сенімді аймақ ұсынысына да тоқталған Челик «Түркияның қауіпсіздік тақырыбы саудаласуға болмайды» деді.

Челик Түрік қарулы күштерінің Түркияның қауіпсіздігі үшін әртүрлі операция жасайтын деңгейде болғанын түсіндірді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар