"Террористтер бас сауғалайтын ел болмаңыздар"

Президент Грекия премьер-министрін қабылдады.

1139475
"Террористтер бас сауғалайтын ел болмаңыздар"

Президент Режеп Тайып Ердоған Грекияның FETO, PKK және  DHKP-C террорлық ұйымдарының террористтері бас сауғалайтын елге айналмауын күтетіндерін айтты.

Ердоған өзінің шақыруымен Анкараға келген Грекия премьер-министрі Алексис Ципрасты қабылдағаннан кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

«Түркия ретінде Грекиямен арамыздағы барлық проблемалардың әділ және бейбіт түрде шешілетініне сенемін» деген Ердоған «Грекиядан FETO, PKK және  DHKP-C террорлық ұйымдарының террористтері бас сауғалайтын елге айналмауын күтеміз» деді.

Президент Ердоған премьер-министр Ципрас және делегациясымен кездесуінде 2016 жылғы төңкеріс әрекетінен кейін Грекияға қашып кеткен Фетуллахшы төңкерісшілердің Түркияға қайтарылуы үшін талаптарын грек тарапына тағы бір рет айтқандарын білдірді. Түрік азаматтарына виза жеңілдігі тақырыбына да тоқталғандарын айтқан президент: «Біз өз уәдемізді қалай орындайтын болсақ,  Еуропа Одағы да уәдесін орындасын» деді.

Түркиямен арадағы диалогтың шынайы және ерекше екенін білдірген Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас болса «Түркиямен бірге аймағымыздағы проблемаларға берілмейміз. Проблемаларға диалог арқылы шешім табуға тырысамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар