Грекия Түркиямен жақсы қатынасты қалайды

Грекия президенті Түркиямен бейбіт, достық және жақсы қатынастар құруды қалайтындарын білдірді.

1139861
Грекия Түркиямен жақсы қатынасты қалайды

Грекия президенті Прокопис Павлопулос Түркиямен бейбіт, достық және жақсы қатынастар құруды қалайтындарын білдірді.

Павлопулос Хорватияның бас қаласы Загрептегі кездесулері шеңберінде әріптесі Колинда Грабар-Китаровичпен бас қосты.

Кездесуде екі жақты қатынастармен қоса Еуропа Одағының кеңеюі, заңсыз көш проблемасы және Грекияның көршілері Түркия,  Македония және Албаниямен байланыстары да қолға алынды.

Павлопулос кездесуден кейін Балқанның Еуропа Одағының Оңтүстік шығыс Еуропадағы жалғасы екенін білдіріп,  Еуропа Одағының осы аймақтағы кеңеюіне қолдау беретіндерін, алайда мүше болатын елдердің қажетті шарттарды орындауы керектігін атап көрсетті.

Грекия премьер-министр Алексис Ципрастың да Анкарада кездесу жүргізгенін еске салған президент: «Грекия көршісі Түркиямен бейбіт,  достық және жақсы қатынастар қалайды.  Ципрастың Түркиядағы сапары да – осының маңызды көрсеткіші» деді.



Ұқсас жаңалықтар