"Отандық қорғаныс өнеркәсібі - шарт"

Хулуси Акар Машина және химия индустриясы мекемесінде тексеру жүргізді.

1137126
"Отандық қорғаныс өнеркәсібі - шарт"

Түрік Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар ұлттық және отандық қорғаныс өнеркәсібінің таңдау емес, шарт екенін айтты.

Хулуси Акар Машина және химия индустриясы мекемесінде тексеру жүргізді.

Мекеме басшыларынан бирфинг алған министр әскери, саяси өте маңызды оқиғалар болған кезеңнен өтіп жатқандарын тілге тиек етті. Акар Евфрат қалқаны және Зәйтүн бұтағы операцияларында қолданылған отандық қару жүйелерінің маңыздылығына назар аударды.

Министр қорғаныс өнеркәсібінде отандық мүмкіндіктің 68 пайызға жеткенін атап көрсетті.

«Бірақ бұлар жетпейді. Осындай жұмыстар одан әрі жалғасын тауып,  ең жоғары деңгейге жеткізу үшін жұмыстануымыз керек» деді ол.

Акар терроризммен күрес тақырыбында Түркияның оңтүстігінде террорлық дәлізге рұқсат бермейтіндерін, оқиғаларды елемей қарап отыра алмайтындарын білдіріп: «Бұны бүкіл әлем біледі» деді.



Ұқсас жаңалықтар