Түркия Найробидегі шабуылды айыптады

Террорлық шабуылда 14 адам қаза тапқаны және шабуылшылардың толықтай залалсыздандырылғаны жарияланды.

1127280
Түркия Найробидегі шабуылды айыптады

Түркия Кенияның елордасы Найробидегі бір қонақүйде ұйымдастырылған террористік шабуылды қатаң айыптады. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде "Найробидегі бір қонақүйде жасалған террорлық шабуылда көптеген адамның қаза тапқанын және жараланғанын қайғыра естіп отырмыз.  Бұл аянышты шабуылды қатаң айыптаймыз" делінді.

Мәлімдемеде "Террористік лаңкестік кезінде қаза тапқандардың жақындарына, Кения халқына және үкіметіне қайғырып көңіл айтамыз, жаралыларға шұғыл шипа тілейміз" деп көрсетілді. 

Террористік ұйым Еш-Шебаб кеше Найробидің Вестлэнд  аймағындағы "DusitD2" атты қонақүйге шабуыл жасаған. Шабуылшылар мен полиция арасында қақтығыс болып жатқан қарбаластықта бір жанкешті шабуылшы қонақүйге кіріп, үстіне орнатқан бомбаны жарып жіберген болатын.  

Террорлық шабуылда 14 адам қаза тапқаны және шабуылшылардың толық әсерсіз күйге келтірілгені жарияланды.   

 



Ұқсас жаңалықтар