АҚШ-тан екінші делегация келді

АҚШ делегациясының кездесулері ертең де жалғасады.

1126285
АҚШ-тан екінші делегация келді

3,5 миллиард долларлық «Патриот» зымыран қорғаныс жүйесін сатуға ұсынған Америка Құрама Штаттарынан Анкараға екінші делегация келді.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің делегациясы ТР Қорғаныс өнеркәсібі басқармасында кездесулер жүргізеді.

Америка Құрама Штаттарынан келген бірінші делегацияның 3 қаңтар күнгі 3,5 миллиард долларлық ұсынысын техникалық комитеттер қараудан өткізуде.

Кездесулерде ыңғайлы несие,  технология трансфері мен бірігіп өндіру секілді талаптар да қарастырылады.

АҚШ делегациясының кездесулері ертең де жалғасады.

«Патриот» қорғаныс жүйесі барлығы 140 дана зымыран мен қатысты жабдықтарды қамтиды.

АҚШ сыртқы істер министрлігі 3,5 миллиард доллар құнындағы «Патриот» жүйелерінің Түркияға сатылуына 19 желтоқсан күні рұқсат берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар