Министр Чавушоғлу және Майк Помпео телефонмен әңгімелесті

Сыртқы істер министрі АҚШ-тық әріптесі Майк Помпеомен Сириядан шегіну процесін қолға алды.

1124496
Министр Чавушоғлу және Майк Помпео телефонмен әңгімелесті

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Роберт Палладино Чавушоғлу мен мемлекеттік хатшысы Помпеоның кеше телефонмен әңгімесі жайлы жазбаша мәлімдеме жасады.

Палладино мәлімдемесінде Помпео мен Чавушоғлуның АҚШ күштерінің Сириядан мақсат пен жоспарлы түрде шегінуінің бөлігі ретінде АҚШ пен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың маңызы тақырыбында келіскендерін атап көрсетті.

Палладино «Мемлекеттік хатшы Помпео АҚШ-тың әрі АҚШ, әрі ДАИШ-пен күрес жаһандық коалициясында қызмет еткен күштерді қорғауға берген маңызына назар аударып, Түркияның Сирия шекарасында аталмыш қауіпсіздік уайымдарын жоюға бағытталған уәделерін қайталады» деді.



Ұқсас жаңалықтар