Түрік қарулы күштерінің операциялары жалғасуда

PKK-ға бағытталған операциялар жалғасуда.

1124210
Түрік қарулы күштерінің операциялары жалғасуда

Түрік қарулы күштерінің мемлекет ішінде және тысында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған операциялары жалғасуда.

Диярбакырдың Кожакөй ауданында PKK-ға бағытталған операцияларда екі террорист залалсыздандырылды.

Провинция басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда шыққан қақтығыстарда 2 террорист залалсыздандырылды.

Ирактың солтүстігіне жүргізілген әуе операцияларында да террор ұйымы тарапынан қолданылған бірқатар баспана, қорғаныс бекіністері, басқару штабы, қару және көліктері бомбаланды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Ирактың солтүстігіндегі Зап және Авашин-Басиян аймақтарына әуе операциялары ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар