«Еліміз аймағындағы оқиғалардың себепшісі емес,  құрбаны да болмайды»

Ердоған жаңа жылға орай құттықтау жариялады.

1116661
«Еліміз аймағындағы оқиғалардың себепшісі емес,  құрбаны да болмайды»

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның терроризммен күресте тарихтың ең ірі жетістіктеріне қол жеткізілген жылды артта тастағанын айтты.

Ердоған жаңа жылға орай құттықтау жариялады.

Ердоған жолдауында: «Раббымнан жаңа жылдың әзіз ұлтымыз және бүкіл адам баласына қайырлы болуын тілеймін» деді.

Жолдауында тамыз айында басталған валюта бағамы-пайыз-инфляция шабуылына түрік экономикасының мықты құрылымы және шаралармен тойтарыс бергендерін атап көрсеткен президент: «Экспортымызды және турист санымызды тарихтағы ең жоғары деңгейге жеткіздік. Қорғаныс өнеркәсібі бастаған маңызды салалардағы дизайн,  зерттеу,  өндіріс істерін арттырып жалғастырудамыз» деді.

«Түркияның өз аймағындағы проблемаларды шешпей өз болашағын кепілге ала алмайтыны шындығы бізді дипломатияда белсенді саясат жүргізуге бағыттады.  Түркия Сирия дағдарысында бастапқыдан бері адами және ахлақтық тұғыр ұстанды, әрдайым езілгендер мен қиналғандардың жанында болды» деді Ердоған.

Түркия ретінде аймағында және бүкіл әлемде тұрақтылық,  әділет және бейбітшіліктің жанашыры болғанын атап көрсеткен президент: «Осы түсінікпен Иерусалимнің,  Дамаскінің, Бағдаттың, Каирдің,  Триполидің,  Сараевоның,  Қырымның жағындамыз» деді.

Ердоған Түркияның ешбір елдің территориясында,  егемендігінде,  құқығында көзі жоқтығын айтып: «Біздің жалғыз мақсатымыз - өз ұлтымыз бен аймағымызда өмір сүретін бауырларымызды тыныштық,  бейбітшілік пен сенімді болашаққа қауыштыру» деді.

«Еліміз аймағындағы оқиғалардың себепшісі емес,  құрбаны да болмайды» деді Ердоған.

«Басқан қадамдарымызды осы түсінікпен жоспарлап,  жүзеге асырамыз.  Сириядағы оқиғалар – осы ынтамыздың жемісі.  Ирактың тұрақтылығына да үлес қосуымызды жалғастырамыз. Кипр, Шығыс Жерорта теңізі мен Эгей теңізіндегі құқықтарымызды қорғаудағы табандылығымызды әрі саясатта, әрі алаңда көрсетіп жүрміз.  Барлығынан маңыздысы адаи ұстанымыз арқылы әлемге үлгі болып отырмыз» деді ол.

Ердоған: «Террорлық ұйымдарға көз аштырмаған,  терроризммен күресте тарихымыздың ең әрі жетістіктерін көрген жылды артта қалдырып отырмыз.  Қауіпсіздік күштері тауда болсын,  қалаларда болсын,  шекарада болсын, шекара тысында болсын террорлық ұйымдардың інін тауып,  жойып жатыр» деді.

«Осындай сезімдермен 2019 жылдың еліміз,  ұлтымыз,  аймағымыздағы бауырларымыз, бүкіл адам баласы үшін тыныштық, бейбітшілік, денсаулық,  қауіпсіз және берекелі болуын тілеймін» деді Ердоған.



Ұқсас жаңалықтар